Астана - Маккаби Тель-Авив: ары кетсе 2 гол болады

Чемпиондар лигасында Қарабақтың ойыны мен жасыл алаңына тәнті болғанымыз кеше еді, бүгін Еуропа бәстерінің тұрақты қатысушы болып үлгерген елордалық клуб Израильдің мықтысынан айла асыруға тырысады.
«Астана» ел біріншілігіндегі «максимумды» әлдеқашан гарантиялап алды. Чемпиондық тәжі формалды және уақыт мәселесі деп көрейік. Негізгі құрамының 3 ойыншысынан (Даса, Голаса, Мича) айрылған Маккабиге оптимал құрам шықса керек. Үйінде жақсы ойнайтын клуб екеніне статистика куә. Тельавивтіктер ішкі біріншілікте жеті ойыннан кейін 14 ұпаймен Хапоэль, Бейтардан кейін үшінші орында. Соңғы бес ойынның үшеуінде үш ұпай олжалап, екеуін тең ойнаған. Соңғы ойынын Бней Йегудамен өткізіп, 2-0 есебімен жеңіпті. Голдар 50 және 95 минутта салынған. Яғни, соңына дейін ойнайтын команда, босаңсуға болмайды. Команданың голеодорлары 7 ойында 4 голдан соғып үлгерген Атзили мен исландиялық Кьяртанссон.3 голмен көзге түскен ағылшын Бләкманды да есептен шығаруға болмас.
Астана бар ресурсын осы матчқа бағыттайтыны белгілі. Жасанды шөпте жігіттер білгенінен жаңылмай, статистиканы құртпас деп сенейік. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көп гол күтпеймін, ары кетсе 2 гол. Біреуін біздікілер соқса дейсің ғо, баяғы…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше