Қазақ күресі чемпионатына Әлем, Еуропа, Азия чемпиондары қатысуда

Астанада 28-29 қазан күндері қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Оған 40 мемлекеттің 167 палуаны қатысады. Олардың арасында Дзюдодан Әлемнің 3 дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы A.NTANATSIDIS (Греция), Джиу джитсудан әлем чемпионы R.D. CARDOSA (Бразилия), Күрестен әлем чемпионы, Азия чемпионыK.SHARIPOV (Тәжікістан), Греко-римдік күрестен 3 дүрін Панамерика чемпионы L.A.VACA MORANT (Боливия) және тағы басқалар бар.
Сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпірінен нағыз мықтылар жиналатын чемпионатқа өзбек Мухсин Хисомиддинов, ресейлік балуан Рүстем Арсланов, дзюдодан Еуропа чемпионы грузиялық балуан Гурам Тушишвили, армениялық Бадалян, Тәжік елінен «Әлем барысы-2015» жүлдегері Дадахон Курбоналиев, қазақ күресінен әлем чемпионатының жүлдегерлері, Қытай елінен Ж.Серік, Ж.Мадениет және Х.Какиман секілді мықтылар да келеді.

Қазақстан атынан тартысты додада ел намысын 8 салмақ дәрежесінде балуандар және түйе палуан қорғайды: Марат Нығматуллаев 55 келі, Қуаныш Ысқақов 60 келі, Қасымхан Төленбай 66 келі, Ғалымжан Әбдірахманов 74 келі, Ерсұлтан Мұзафаров 82 келі, Әділжан Ыстыбаев 90 келі, Александр Касачев 100 келі, Руслан Әбдіразақов 100+ келі, Айбат Сейтен (түйе палуан).
«Алда өтетін чемпионатқа балуандардың дайындығы жақсы. Бүкіл салмақтан медаль аламыз деп ойлаймын. Өзіміздің төл күресте жеңімпаз болмасақ, басқа қайда боламыз? Басты қарсыластар туралы айта алмаймын. Бізге ешқандай қарсылас тең келмейді деп ойлаймын», — деді Қазақ күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Ерлан Естек.
Жарыста отыз төреші қазылық етеді. Он төреші Латвия, Литва, Грузия, Армения, Өзбекстан, Тәжікістан, Ресей, Моңғолия, Қытайдан келеді.

Іс-шараның басты ұйымдастырушысы: ЗТБ «Қазақ күресі халықаралық федерациясы».
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше