Стоилов Фенербахчеге кетуі мүмкін

«Астана» ФК бас бапкері болгариялық Станимир Стоилов Түркияның Фенербахче клубына баруы мүмкін. Бұл туралы түрік спорт сайттары жазуда. Фенербахченің қазіргі бас бапкері Айкут Коджаман команданың нашар нәтижелеріне байланысты өз орнынан кетуі мүмкін. Оның орнына келетін басты үміткер — Стоилов. Түрік журналистерінің айтуынша, Стоилов басқа үміткерлерге қарағанда арзан және амбицияға толы.

Стоиловтың өзі «Астана» чемпион болғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында Астана басшылығына наразылығын «Команда биылдыққа ешқандай сыйақы көрмеді, жақсы нәтижелерге қарамастан» деп білдірген еді. Сондай-ақ «Астанаға келе алатын Еуропада жақсы бапкерлер көп» деп кетуге дайындалып жүргенін меңзеген болатын.

Станимир Стоилов 1992-1993 жылдары Фенербахчеде ойнады. 13 матча 5 гол соққанымен, жарақатына байланысты Фенербахчеде қала алмай, Левски Софияға оралған болатын. Фенербахчеде оны Сүло деп атапты, түрікше Сүлейман деген аттың қысқартылған түрі.

Стоилов Фенербахче формасымен
Стоилов Фенербахче формасымен


Стоиловтың Галатасарай қақпасына соққан голы

Стоилов Астанадан кетеді ме?

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше