«Bus Lane» Астанада көлік қозғалысы мәселесін шеше ме?

Қалалық қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолдар, қысқаша айтсақ «жолақтар» Африка және Шығыс Азиядағы ең кедей мемлекеттерден басқа барлық мемлекеттерде бар. Ең алғаш рет бұл жолақтар автомобильді өз идеологиясының бір бөлігіне айналдырған мемлекет – АҚШ-тың Чикаго қаласында 1940 жылы пайда болды. Еуропа құрлығында арнайы жолақтар алғаш рет Гамбургте (Германия, 1963) қолданыла бастады. Олардың тәжірибесі табысты болғаны соншалық, мұндай жолақтардың басқа мемлекеттердің мамандары келіп үйренетіндей стандартын жасау қолға алынды. 1964 жылы алғашқы жолақ Парижде, 1968 жылы – Лондонда алғаш рет қолданысқа енгізілді. 1974 жылға қарай 100-ден астам қала арнайы жолақтардың желісін қолдана бастады.

«Bus Lane» жобасы («Bus» — автобус, «Lane» — жолақ) – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысына арналған арнайы бөлінген жолақты білдіреді. Бұл бастама «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» және Астана қ. Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүзеге асырылуда.

Аталмыш жобаның мақсаты – жолаушыларға жол жүрудің жайлы болуын қамтамасыз ету және қоғамдық көлік қозғалысына басымдылық беру болып табылады. мұндай жобаны енгізу төмендегідей мәселелерді шешуге көмектеседі:
  • қоғамдық көліктің кептелісер мен бөгелістерде тұрып қалуы;
  • қоғамдық көлік қозғалысы кестесінің кешіктірілуі;
  • қозғалыс кестесін және жүру аралығын сақтамау;
  • жалпы жол қозғалысы ағынында қоғамдық көлікті басқарудың қиындығы;
  • қозғалыс басымдылығының болмауы.
  • қозғалыс кестесің реттестіруге;
  • кесте бойынша болған тәртіп бұзушылықтар санын азайуға;
  • автобус жүргізушілерінің тәртібін арттыруға;
  • қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға;
  • автобустардың орташа қозғалыс жылдамдығын 20%-ға арттыруға көмектеседі.
Бөлісу:

Ұқсас топиктер

Бұл жерде ештеңе жоқ

Пікір жоқ әзірше