Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға арналған бағдарламалар

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлға жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
кресло-арбамен;
протездік ортопедиалық бұйымдармен;
тифлотехникалық және сурдотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен;
шипажай-курорттық емдеумен;
жеке көмекшінің қызметімен;
ымдау тілі маманымен қамтамасыз етілді.

Жыл сайын Мүгедектер күніне орай материалдық көмек көрсетіледі, сондай-ақ қалалық жолаушылар көлігінде тегін жол жүру, тістерін тегін протездеу, жергiлiктi жылытатын жеке меншiк құрылыстарда тұратын мүгедектерге көмір сатып алуға өтемақы беріледі.

Елордада 2010 жылдан бастап жүріп-тұруында қиындығы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Инватакси» қызметі (қазіргі уақытта 18 «Инватакси» автокөлігі, оның ішінде 5 — арбадағы мүгедектерге арналған, 7 — мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, № 65 мектеп, 6 — көзі көрмейтін мүгедектерді тасымалдауға арналған) ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2015 жылдың сәуірінен бастап бес рет тамақтандырумен 540 керует-орынға арналған Қарттарға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы қызмет етіп келеді. Орталық Қатаркөл өзенінің жағалауында Шучинск-Бурабай курорттық аймағында экологиялық таза орман алқабында орналасқан.

2015 жылдың қазан айынан бастап алғаш рет жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 35% төлеу және ең төменгі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25% төлеу арқылы шипажайлық-курорттық емделу қызметтері ұсынылады.

Бөлісу:

Ұқсас топиктер

Бұл жерде ештеңе жоқ

Пікір жоқ әзірше