Астананың жаңа қыры- бейформал, креатив Астана

Стрит-арт – бұл урбанистикалық сипатқа ие бейнелеу өнерінің бір бағыты. Оған граффити, трафареттер, постерлер, муралдар, скульптура инсталляциялары тағы басқалар жатады. Оның мақсаты аймақты иемдену емес, көрерменді ойлантып, диалог құру. Мейлі ол диалогы кқшеде өтіп бара жатқан жолаушының санасында ғана жалғассын. иылғы Астана осындай ғажап муралымен жарқ етті. Санамды оятып, мидың қатпарларына сигналдар жіберді. Астананың көшелері сөйледі. Сөйлегенде бейформал тілде сыр қатты. Енді Астана тек зәулім, заманауи ғимараттар ғана емес, креатив муралдарымен де ерекшеленеді.

«Astana Street Art» фестивалі аясында бірқатар тамаша муралдар салынды. Ендеше муралдарға көшейік.
1. Ықылас

Орналасқан жері: Кенесары көшесі, 63 үй

«Tigrohaudcrew» командасы мен қазақстандық суретші Нұрлан Килибаевтың коллаборациясының нәтижесі — «Ықылас» туындысы. Көз жауын алатын бұл мурал көше тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді.

2. "Үлкен қала балалары"

Орналасқан жері: Бараев көшесі, 6/1 үй

Астаналық «Canbrush» командасының туындысы мегополис тұрғындарының қызу өмірінен сыр шертеді.

3. «Бәйге»

Орналасқан жері: Күйші Дина көшесі, 15 үй

«Tigrohaudcrew» командасының «Бәйге» атты муралы жоғарыдағы авторлардың идеясымен астасып жатқан сияқты. Өмір –бәйге.

4. «Like»

Орналасқан жері: Абай даңғылы, 67 үй

Сурет авторы Андрей Repas текті, ақылды әрі әдемі жануар саналатын жылқы мен заманауи адамның қызығушылығын осылай ұштастырған екен.

5. "Қызғалдақ"

Орналасқан жері: Республика даңғылы, 34/2 үй

Алматылық «Tigrohaudcrew» командасының тағы бір тамаша туындысы бір жағынан жаңаруды меңзесе, екінші жағынан өткенді ұмытпауға шақырады.

6. «Табиғат тақырыбындағы коллаж»

Орналасқан жері: С409 көшесі, 47 үй

Ресейлік суретші Евгений Чес өз туындысы арқылы қала тұрғындарына табиғат пен адамның арасындағы жіпсіз байланыс пен оны бұзбаудың маңызын еске салып тұрғандай.

7. «Тарихқа аллегория»

Орналасқан жері: Есенберлин көшесі, 30 үй

Тарих пен бүгіннің байланысын ресейлік суретші Константин Змогк өткенді парақтап отырған жас қыз образында беруді жөн көріпті. Сурет заманауи стильде салынып, қанық түстермен боялса да, беймаза күйге бөлейді.

8. «Сәкен Сейфуллин»

Орналасқан жері: Сарыарқа көшесі, 19 үй

«Арт группа 310» командасы дәстүрлі сурет өнері мен заманауи технологияларды тоғыстыру арқылы салған Сәкен Сейфуллиннің бейнесі қала тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді.

9. "Қорғаушы"

Орналасқан жері: 187 көше, 16/4 үй

Қазаннан келген Дамир Бозик табиғаттан асқан суретші жоқ дейді. Өз туындысында ол тау барысын қорғаушы образында берген.

10. «Астана сәулеті»

Орналасқан жері: Сейфуллин көшесі, 11 үй

Ресейлік суретші Маким Реванштың муралы Астана сәулет туындыларының «миксі» іспеттес. Біз де келешекте Астана сәулетімен ғана емес, көз тартар стрит-арттармен ерекшеленетін қалаға айналады деп сенеміз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше